Алматыда «KitapFest-2026» фестивалі аясында қалалық кітапханалардың мобильді қосымшасы іске қосылды. Цифрлық сервис барлық кітапхана филиалын бір жүйеге біріктіріп, пайдаланушыларға қызметті онлайн форматта пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Енді қала тұрғындары бірыңғай электронды оқырман билетін рәсімдеп, кітап қорын қашықтан қарап, геолокация арқылы ең жақын кітапхананы оңай таба алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы жаңа кітаптар мен іс-шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде бақылауға болады.
Қосымшаны әзірлеуде инклюзивтілікке ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кітаптарды үйге тегін жеткізу қызметі қарастырылған.
Қосымша барлық қосымша дүкендерінде қолжетімді: 6 сәуірден бастап сервис Android және iOS құрылғыларында жұмыс істейді.