Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында 21 жастағы жігітті өлтірмек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, оқиға 8 сәуірге қараған түні болған. Белгісіз адамдар жәбірленушіні арқасынан атып, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Жігіт шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетілген.
ШҚО Полиция департаменті бұл фактіні растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті екі адамды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасуда. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.