Алматы облысында осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша көші-қон саласындағы жұмыс қорытындыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған кезеңде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3,7 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде шамамен 2,9 мың шетел азаматы және 700-ден астам Қазақстан Республикасы азаматы шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану кезінде заң бұзушылықтарға жол берген.
— Сот шешімдері бойынша 168 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар борышкерлерді іздестіру жұмыстары аясында 15 алимент төлемеушінің және 22 өзге де іздеуде жүрген борышкердің орналасқан жері анықталды, — деп хабарлады департаменттен.