Есіл өзенінде жүргізушіні көлігімен бірге ағыс алып кеткен

/
Есіл өзенінде жүргізушіні көлігімен бірге ағыс алып кеткен

Бүгін құтқарушылар Ақмола облысы Аршалы ауданында қауіпті оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, жеңіл автокөлік Есіл өзеніне түсіп кетіп, оны ағыс шамамен 500 метрге дейін алып кеткен.

Жүргізуші көліктің салонынан шығып үлгеріп, көліктің шатырына шығып, көмек күтті.

Оқиға орнына Аршалы ауданының әмбебап бөлімшесінің құтқарушылары жедел келді. Қайықтың көмегімен олар ер адамға жетіп, оны жағаға шығарды.

Медициналық көмек оған қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары