Абай облысында полицей 3 жасар баланы айдаладан тауып алды

/
Абай облысында полицей 3 жасар баланы айдаладан тауып алды
Абай облысы ПД

8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды.

Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді.

Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды — ол елді мекеннен алыс жерде жалғыз жүрген.

Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға:

«Айналайын, келе ғой…» — деп тіл қатады.

Сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Бақытқа орай, ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ — бала тек адасып кеткен.

Бұл оқиға — уақыттың әр минуты маңызды екенін және үйлесімді әрекеттің маңызын еске салады. Кейде нағыз ғажайып — дер кезінде табылған бала.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары