15 сәуірден бастап Астана әуежайының жұмыс кестесі өзгереді

/
15 сәуірден бастап Астана әуежайының жұмыс кестесі өзгереді
Istockphoto

15 сәуірден бастап Астананың халықаралық әуежайынан ұшатын рейстер көбіне түнде ұшпақ. Өйткені, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшып-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұшып-қону жолағы осы аралықта таңғы сағат 10.00 мен 18.00 аралығында жөнделеді.

«Осы уақыт ішінде әуежайдан ұшатын жоспарлы рейстер таңертең ерте немесе түнгі уақытта ұшады», - деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Осы ретте әуежай азаматтарға ескерту жасап, рейстерінің уақытын алдын ала тексеріп алуды ұсынып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары