Семей қаласында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктіге тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін шұғыл жеке тінту жүргізу барысында салонның алдыңғы бөлігінен қара изолентамен оралған, ерекше иісі бар 6 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.
Оқиға орнын қарау кезінде күдіктінің қатысуымен тағы да қара изолентамен оралған 19 полимерлі пакет тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.