Ақтөбе – Астрахань жолында жол апатынан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

/
Ақтөбе – Астрахань жолында жол апатынан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
Скриншот

Республикалық маңызы бар Ақтөбе – Астрахань жолының 843-шақырымында, яғни Құрманғазы ауданының орталығынан 20 шақырым жерде Toyota Prado мен Toyota Camry көліктері соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты АқЖайыққа сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды тексеріп, жол-көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары