Маңғыстау облысының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде сирек кездесетін азиялық барыс бейнетаспаға ілікті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген парктің ғылыми қызметкерлері жыртқышты табиғи ортасында суретке түсіріп алған.
Қорық қызметкерлерінің мәліметінше, алдыңғы азиялық барыс соңғы рет парк аумағында 2025 жылдың шілдесінде тіркелген болатын.
"Бұл жағдай «Қызылсай» аумағының жабайы жануарлар үшін біртіндеп тұрақты мекенге айналып келе жатқанын аңғартады", - деді табиғи парк мамандары.
Айта кетейік, алдыңғы азиялық барыс – Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлері бойынша жойылып кету қаупі төнген жануардың бірі. Ол 2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның сирек кездесетін