СҚО-да 225 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылмақ болған

/
СҚО-да 225 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылмақ болған
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында аудандық Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары Заң талаптарын бұза отырып, тиісті жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар болмағанына қарамастан, көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша 213,8 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тайынша ауданында Білім бөлімі тарапынан педагог қызметкерлердің медициналық тексерулерін өткізу қызметтерін 13 млн теңге сомасына сатып алу жүргізілген. Алайда аталған сатып алуға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен көзделмеген дәрігерлердің (терапевт, дерматовенеролог, невропатолог) тексерістері, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен қарау кабинетінің қызметтері енгізілген.

Прокурордың наразылықтары бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулардың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Жалпы, жыл басынан бері аталған салада прокурорлар 17 мемлекеттік сатып алуды тоқтатты, нәтижесінде сомасы 225 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қадағалау органы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары