Былтыр Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,8 млн адам демалды – статистика

/
Былтыр Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,8 млн адам демалды – статистика
istockphoto.com

2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтары 4,8 млн келушіге қызмет көрсеткен, бұл 2024 жылмен (4,3 млн келуші) салыстырғанда 11,5% көп. Туристердің 17,3% – резидент емес азаматтар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп келуші Алматы тау кластерінде тіркелді – 2,9 млн адам. Екінші орында – Щучинск-Бурабай курорт аймағы, мұнда орналастыру орындарында 463,1 мың адам тоқтаған. Үшінші орында – 370,1 мың келушісі бар Маңғыстау курорт аймағы.

Сондай-ақ үздік бестікке екі танымал курорт аймағы кірді – Балқаш туристік аймағы (182,9 мың адам) мен Жетісу облысындағы Алакөл курорт аймағы (149,1 мың адам).

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы орналастыру орындары 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Жалпы Қазақстанның курорт аймақтарында демалушыларды орналастыратын 1856 орын тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары