Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері екі әлеуметтік қолдау шараларын (тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы) алуға мүмкіндіктері бар.
Туындаған сұрақтар бойынша қызметті беруші - Ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органына (Маңғыстау облысы бойынша аудандық, қалалық экономика және қаржы бөлімдері) жүгінуге болады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталына (бұдан әрі – Портал) otbasybank.kz/programm-bank тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кредиттік бюродан есеп.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 жұмыс күн