Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

/
Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр
Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүрген жерін анықтау үшін барлық іс-шаралар қабылданып жатыр.

Жоғалған жасөспірімді іздеуге Түркістан қаласы полициясы және жақын маңдағы аумақтық бөлімшелердің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Туыстары, достары, таныстары және ықтимал куәлардан жауап алынып, жасөспірім баруы мүмкін барлық маршруттар тексерілуде.

Полиция азаматтарға ескертеді: егер де, Сіз Хасен Марданның жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, дереу кезекші бөлімнің 8-725-33-4-22-02, 102 телефондарына немесе 8-707-987-27-70 нөміріне хабарлаңыз.

Тәртіп сақшылары кез-келген ақпарат жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау үшін маңызды болуы мүмкін екенін атап өтіп, азаматтарды белсенді көмек көрсетуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары