«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
1 сәуірде Петропавл, Павлодар, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.