БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

/
БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті
Мой город

Батыс Қазақстан облысында жолаушыларды тасымалдаған автобус мектептің автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Мой город» баслымына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментініңмәліметінше, жол апаты 31 наурызда сағат түскі 14:00-де Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылының маңында тіркелген.

Жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік ішінде оқушылары бар мектеп автобусының артқы жағынан соққан. Салдарынан мектеп автобусы интерциямен алда тұрған Ford Galaxy автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатының кесірінен зардап шеккендер бар. Олардың ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар. Әзірге қанша баланың жарақат алғаны беймәлім. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер туралы мәліметті беруге уәде берді. Мектептің автобусының ішінде қанша бала болғаны? Олар қайда бет алғаны туралы мәлімет белгісіз. Облыстық білім беру басқармасы да сауалдарымызға жауап береміз деп айтты.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары