Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапынан бір ғана спортшы рингке шықты.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Римма Волосенко турнирді 1/8 финалдан бастады. Алайда келесі кезеңге өте алмады.
Қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Прияға есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін жүлде үшін күрестен Жәзира Орақбаева (51 кг дейін) мен Элина Базарова (54 кг дейін) шығып қалған болатын.