Алматы маңында жер сілкінді

/
Алматы маңында жер сілкінді
istockphoto.com

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.

Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі — 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7. Магнитудасы MPV — 5.4.

Есептік қарқындылығы (баллмен):

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл

Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар