Білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қазір Қазақстанда 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министр елімізде ғылымды қаржыландыру ұлғайтылғанын, ҒЗТКЖ үшін салықтық ынталандырулар енгізілгенін, сондай-ақ алғаш рет эндаумент-қор құрылып, оған 2 млрд теңге тартылғанын, әрі қарай оның капиталын кезең-кезеңімен 10 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда екенін атап өтті.
«Бұл тұста экожүйенің өз алдына оқшау емес, Astana Hub және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қалыптасып жатқаны ерекше маңызды. Бұл ғылымды, стартаптарды, технологиялық командаларды және даму инфрақұрылымын біріктіретін бірыңғай контурды қалыптастырады», — деді Саясат Нұрбек.