Қостанайда заңсыз көтерілген қоқыс тарифі төмендетілді

/
Қостанайда заңсыз көтерілген қоқыс тарифі төмендетілді
istockphoto.com

Қостанай қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша Қостанайда заңсыз көтерілген тариф төмендетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығын бұза отырып, тарифке тарифті есептеу әдістемесінде көзделмеген шығыстар (оның ішінде мүлік салығы, сақтандыру, контейнерлер сатып алу және нотариаттық қызметтер) заңсыз енгізілгені күшін жоюға негіз болды.

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 220 мыңнан астам тұтынушының және 3,4 мың кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен мүдделері қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары