Зейнетақы төлемінен 20% ұстап қалу: Министрлік жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді

/
Зейнетақы төлемінен 20% ұстап қалу: Министрлік жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді
istockphoto.com

Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқанын хабарлаймыз.

Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылуда

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгені құрады.

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар