ҰҚК жыл басынан бері 240 кг есірткі тәркіледі

/
ҰҚК жыл басынан бері 240 кг есірткі тәркіледі
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді.

Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары