№2 Қалалық перинаталдық орталықтан салмағы небәрі 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте үйіне шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, сәби 25 қаңтарда дүниеге келіп, 54 күн бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болды.
Емдеудің ең жауапты кезеңі жансақтау бөлімінде өтті. Заманауи медициналық технологиялар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында сәбидің жағдайы жақсарды.
Бүгін анасы мен сәбиі аман-есен үйіне оралды. Бұл Алматыдағы перинаталдық көмектің сапасы мен медицина мамандарының жоғары біліктілігінің айқын көрінісі.