Белгісіздік, экономикалық тұрақсыздық: психикалық денсаулықты қалай қорғаймыз?

/
Белгісіздік, экономикалық тұрақсыздық: психикалық денсаулықты қалай қорғаймыз?
сурет: istockphoto.com

Кейінгі жылдардағы геосаяси шиеленістер мен белгісіздік, экономикалық тұрақсыздық қоғамда алаңдаушылықты күшейтіп, адамдардың психикалық жағдайына әсер етіп жатыр. Психикалық денсаулықты қалай қорғаймыз? Бұл туралы психиатр Кадзухиро Тадзима мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, белгісіздік пен қаржылық қысым адамда бақылауды жоғалту сезімін тудырып, мазасыздыққа әкеледі. Мұндай жағдайда ақпаратты шамадан тыс тұтыну жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Тадзима ең алдымен күнделікті өмір ырғағын сақтауға кеңес береді. Оның пікірінше, адамдар дағдарыс кезінде ең алдымен демалыс пен спорттан бас тартады, алайда бұл – қате шешім. Керісінше, мұндай белсенділіктер күйзелісті азайтып, ойды басқа арнаға бұруға көмектеседі.

Сондай-ақ әлеуметтік байланыстарды нығайту маңызды. Жақындармен қарым-қатынас жалғыздық сезімін азайтып, қиын кезеңдерде психологиялық қолдау береді.

Маман бос уақытты тиімді өткізу мен пайдалы істермен айналысуды да ұсынады.

«Өзіңді қажетсіз сезінуден жаман нәрсе жоқ», – дейді ол.

Сол себепті адамға мән беретін, қуаныш сыйлайтын істермен шұғылдану қажет.

Сонымен қатар, сарапшы қазіргі таңда адамдар арасында дағдылармен алмасу, яғни «цифрлық бартер» қайта жанданып келе жатқанын атап өтті. Мұндай тәжірибе қоғамда өзара қолдауды күшейтіп, адамдарға өз пайдалы екенін сезінуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары