Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Көкшетау – Омбы» тас жолының 118 шақырымын су басып қалды. Алқаптардан аққан қар суы жол үстіне жайылған, деп хабарлайды turkystan.kz "7" арнаға сілтеме жасап.
Оның тереңдігі – 20 сантимерт. Бұл жерде арнайы мобильді бекет құрылып, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері күні-түні кезекшілік жасауда. Ал тасқын салдарын жоюға 13 техника мен 30-ға тарта адам жұмылдырылды. «ҚазАвтоЖол» компаниясы өкілдерінің айтуынша, жағдай жіті бақылауда. Осы маңдағы Аққұдық ауылында эвакуациялық пункт дайын. Ал мұнда көлік қозғалысы тоқтаған жоқ.
«Аталған учаскені Ақмола облысынан жеткен су басып қалды. Жалпы соңғы жылдары өңірдегі республикалық жолдарда 97 су өткізу құбыры жөнделді. Осының арқасында қауіпті деген учаскелер санын біз екі жарым есеге дейін азайттық. Қазір басқа да су басуы мүмкін деген жолдар бақылауға алынды», - деді «Қазавтожол» ұқ» ақ СҚОФ басшысының орынбасары Ерлан Жұмағұлов.