Айыпталушылар алдын ала сөз байласып, психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны өткізу мақсатында сақтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот үкімімен бір сотталушы 7 жылға, екіншісі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Сот отырысына жастар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында онлайн және офлайн форматта 470 студент қатысты.
Қала прокуратурасы ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және жастардың болашағын біржола бұзуы мүмкін.