Маңғыстаулық оқушылар Парижде өнер байқауында жүлдегер атанды

/
Маңғыстаулық оқушылар Парижде өнер байқауында жүлдегер атанды
Маңғыстау облысы ҚКО

Маңғыстаулық жас өнерпаздар Францияның  Париж қаласында 36-шы халықаралық «Etoile’s de Paris» («Париж жұлдызы») өнер байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, көпжанрлы байқауға Чехия, Армения, Болгария, Греция, Украина, Франция және Қазақстан елдерінен жас өнерпаздар қатысып, өз бақтарын сынады.

Аталған байқаудың «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «IQ Intellectual School» гимназиясының домбыра үйірмесі жоғары нәтижелер көрсетті:

- «IQ домбырашылар ансамблі» — І орын;

- Зиятов Асылхан — І орын (жеке аспапта ойнау);

- Көпберген Аяулым — І орын (жеке аспапта ойнау);

- Алмас Адиль — І орын (жеке аспапта ойнау).

Әлем сахналарында еліміздің көк туын желбіретіп, қазақтың күй өнерін кеңінен насихаттап жүрген жетекшісі - Рахова Гулмира Зейнуллақызы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары