Мергендер Азия кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

/
Мергендер Азия кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова финалда Үндістан командасын жеңді. Кездесу 229:227 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда командалық сайыстарда тағы екі финал күтіп тұр. Ерлер және әйелдер құрамасы классикалық садақ атудан алтын медаль үшін сынға түседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары