Сәуірден бастап «Астана – Талдықорған» бағытына тікелей пойыз қатынайды

/
Сәуірден бастап «Астана – Талдықорған» бағытына тікелей пойыз қатынайды
ҚТЖ

9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон –  1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады.

«Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді. 

Қозғалыс күн ара жоспарлануда», –  делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары