Оралда медицина мамандарына 490 млн теңге төлем берілмеген

/
Оралда медицина мамандарына 490 млн теңге төлем берілмеген
istockphoto.com

Орал қаласының прокуратурасы ауылдық елді мекендерге, кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау нәтижесінде заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдердің уақтылы төленбеу фактілері анықталып, бұл денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты құқықтарының бұзылуына әкеп соққаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасымен 80 медициналық және фармацевтикалық қызметкерге жалпы сомасы 490 млн теңгеден астам әлеуметтік қолдау шараларын төлеу жөнінде тиісті шаралар қабылданды.

Орал қаласының прокуратурасы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары