Танымал өнер жұлдыздары Жанболат пен Жазираның келіні Асылының ұзату тойы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салтанатты кеште сөз алған Кенжебек Жанәбіловтің жары өз сіңілісіне жүрекжарды тілегін арнап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Ол өнер ортасының өзін шыңдағанын айтып, жас келінге сабыр мен төзімділік тілеген.
«Өнер ортасы мені пісірді. Үйде ерке болсам да, осы ортада шыңдалдым. Сондықтан, Асылы, көп нәрсені көрмегендей, естімегендей болуды үйрен. Кейде бәрін елемей өту керек. Маған да түрлі сөз айтылды, бірақ мен ешкімді тыңдаған жоқпын. Саған да айтарым — ешкімге ренжіме, бәріне күліп қара. Ең бастысы — екеуіңнің махаббаттарың бәрін жеңеді. Өз жолыңды біл», — деді ол.