Қарағандыда екі адам өлі күйінде табылды

/
Қарағандыда екі адам өлі күйінде табылды

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денелері анықталған.

«Олардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті болуы мүмкін адамның жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары қабылданып жатыр.

Көршілердің айтуынша, күдікті — қаза тапқан әйелмен бірге тұрған ер адам.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары