Қазақстанда алимент қарызы 18 млрд теңгеге жетті

/
Қазақстанда алимент қарызы 18 млрд теңгеге жетті
istockphoto.com

2025 жылы Қазақстанда алимент өндіру туралы 354 мыңнан астам құжат мәжбүрлеп орындауда болған, оның ішінде шамамен 60 мыңы орындалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, нәтижесінде 2026 жылдың басына қарай мұндай құжаттардың саны 295 мыңды құраған.

— 12,7 мың алимент төлемі немесе 4% проблемалық деп танылды, олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгені құрайды. Көп жағдайда алимент борышкердің жалақысы мен өзге де табыстарынан өндіріліп алынады, — деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, берешектің қалыптасуы, әдетте, екі негізгі факторға байланысты — ресми жұмыстың болмауы немесе табысты әдейі жасыру.

2025 жылы борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктермен бірлесіп 645 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оның нәтижесінде алимент бойынша 6,5 мыңнан астам борышкер жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, алимент бойынша берешегі бар тұлғаларға заңда көзделген барлық мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары