«Жеткізілмеген сәлемдеме»: Полиция алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертті

/
«Жеткізілмеген сәлемдеме»: Полиция алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертті
Polisia.kz

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, интернет-алаяқтар мессенджерлер мен SMS арқылы «жеткізілмеген сәлемдеме» (пропущенной доставке) туралы жалған хабарламаларды жаппай таратып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғаш қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз болып көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты ескертулеріне ұқсайды. Хабарламада курьердің сәлемдемені жеткізе алмағаны және жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін сілтеме арқылы өту қажет екені көрсетіледі.

Алайда көрсетілген сілтеме пайдаланушыны логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурстарға бағыттайды.

Мұндай сайттарда азаматтардан жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін аз көлемде төлем жасау талап етіледі.

Аталған мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қаскөйлер азаматтардың құпия және банк деректеріне қол жеткізеді. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, дербес деректердің кейіннен заңсыз мақсатта пайдаланылуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

– егер сіз ешқандай жеткізіп беруді күтпесеңіз, күмәнді хабарламадағы сілтемелерге өтпеңіз;

– сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — алаяқтық ресурстар көбіне бір-екі таңбамен ғана ерекшеленеді;

– күмәнді сайттарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз; – жеткізіп беру мәртебесін тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы тексеріңіз;

– күмәнді хабарламаларды елемей, бұғаттаңыз.

Цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау — қаржылық шығындар мен жеке деректердің таралуынан қорғанудың ең тиімді жолы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары