«Үлкен жауапкершілік болды»: Ербол Хамитов сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты

/
«Үлкен жауапкершілік болды»: Ербол Хамитов сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты
Ақорда

Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Осы Паралимпиада ойындары мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз, – деді Паралимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Ақордада ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар