Жамбыл облысында 23 ата-ана жауапкершілікке тартылды

/
Жамбыл облысында 23 ата-ана жауапкершілікке тартылды
Polisia.kz

Жамбыл облысында көктемгі демалыс кезеңінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында "Демалыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 23 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 4 мекеме иесіне шара қолданылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 122 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Сондай-ақ түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 8 жасөспірім тіркелді. Бұдан бөлек, жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін 8 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық есепке 6 жасөспірім және 9 қолайсыз отбасы қойылды. Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған 73 жасөспірім мен 63 ата-ананың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар