Шымкентте вейптерді заңсыз сатқан ер адам ұсталды

/
Шымкентте вейптерді заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған: жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған. Осылайша ол тыйым салынған өнімді тұрақты түрде өткізіп келген.

Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.

Қазір аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары вейптердің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар