Күн +30 градусқа дейін жылиды

/
Күн +30 градусқа дейін жылиды
istockphoto.com

Қазгидромет 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

«Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады», – деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман күтіледі, ал солтүстік пен шығыста көктайғақ сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары