Қазақстандықтар үшін 2026 жылғы сәуір айындағы демалыс күндерінің саны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
eGov порталында жарияланған мәліметке сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар сәуір айында барлығы 8 күн демалады.
Айта кетейік, бұл айда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған. Сол себепті барлық демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.
Жалпы, сәуір – демалыс күндері ең аз айлардың бірі. Бұл жағынан ол 2026 жылғы ақпан, маусым және шілде айларымен ұқсас.