Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова концерт барысында ерекше әрекетімен көптің ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі сахнада отырған көрермендердің бірімен тілдесіп, оның жасы үлкен екенін білген соң, күтпеген шешім қабылдаған.
Әнші қолындағы алтын сақинасын шешіп, көпшілік алдында әлгі әжейге сыйға тартты.
Бұл сәт залдағы көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, ұзақ уақыт қол шапалақтаумен жалғасты.
Желі қолданушылары да әншінің бұл қадамын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Олардың сөзінше, мұндай әрекет шынайы кеңпейілділік пен адамгершіліктің белгісі.
Кейбірі өнер иесінің қарапайымдылығын атап өтсе, енді бірі оның халыққа деген ықыласын ерекше бағалаған.
Айта кетейік, бұған дейін де Мақпал Жүнісова түрлі қайырымдылық шараларымен көзге түсіп, көпшіліктің құрметіне ие болған еді.