Екібастұз маңында автокөлік мұз астына түсіп кетті

/
Екібастұз маңында автокөлік мұз астына түсіп кетті
Istockphoto

23 наурыз күні Екібастұз ауданына қарасты Шиқылдақ ауылының маңында балық аулау кезінде автокөлік мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, мұз үстінде қалған үш балықшыны эвакуациялады. Олар Шідерті кентіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады, – деді баспасөз қызметінде.

Аталған дерек бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған автокөлік иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта мұздың құрылымы жұқа әрі тұрақсыз. Осыған байланысты мұз үстіне шығуға және автокөлікпен жүруге қатаң тыйым салынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары