Каспий теңізі жағалауынан аққулардың өлекселері табылды

/
Каспий теңізі жағалауынан аққулардың өлекселері табылды
Istockphoto

Ақтау маңындағы Каспий теңізі жағалауында аққулардың жаппай қырылуы анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында болған бұл алаңдатарлық жағдай туралы режиссер Қанат Майлыбаев айтып берді. Ол бұл жерге бірнеше күнге келіп, серуен кезінде теңіз жағасына шыққанын жеткізді.

Оның айтуынша, жағалауда жаңа ғана өлген құстар да, біраз уақыт бұрын қырылғандары да жатқан. Сонымен қатар, бұл аймақтың адам аз баратын жер екені байқалған, сондықтан қорқынышты көрініс ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалуы мүмкін.

«Мүмкін, мені осы сұмдық жағдайды көру үшін Алла өзі жіберген шығар. Мен шок болдым – бұрын-соңды мұншама қырылған құсты көрмеппін», – деді Майлыбаев.

Оның айтуынша, жағалау бойымен алысқа бармағанымен, алыстан қарағанда өлі құстардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін байқаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары