24 наурызда Атырау қаласындағы Бесікты ауылы маңында, демалыс орындарының бірінің жанында үш жеңіл автокөлік батпақты жерге батып, қозғала алмай қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер бедерінің күрделілігі мен тұрақты байланыс желісінің болмауын ескере отырып, құтқарушылар жоғары өтімді техника мен спутниктік байланысты пайдаланды.
Нәтижесінде 12 адамның барлығы, оның ішінде 6 бала қауіпсіз түрде эвакуацияланып, елді мекенге жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ тазартылмаған және батпақты жол учаскелерінде, әсіресе түнгі уақытта, жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды сұрайды.