Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

/
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген 24 наурызда қол қойылған Жарлықта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары