Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға қанша бергені белгілі болды (ВИДЕО)

/
Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға қанша бергені белгілі болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әнші Жанболат пен Жазираның отбасылық қуанышына байланысты тағы бір жайт жұрттың назарын аударды. Құдалық барысында берілген қалың мал мөлшері желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде тараған бейнежазбада үлкендер жағы құдаларға 10 миллион теңге ұсынып, оған қосымша 300 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасап «осыған разы болыңыз» деген сәтін көруге болады.

Оқырмандар бұл көрініске әртүрлі көзқарас білдіруде. Бірі жас отауға ақжарма тілегін жолдаса, енді бірі берілген қаржы көлемін сөз етіп, өз пікірлерін ашық жазып жатыр.

«Қуаныштарың баянды болсын!», «Мұнша ақша беру міндет пе екен?», «Әркімнің жағдайы әртүрлі ғой, жастар бақытты болсын» деген секілді пікірлер жазып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары