«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
23 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.