Ортопедиялық аяқ киім жасауға ақша бөлінбеген...

Ортопедиялық аяқ киім жасауға ақша бөлінбеген...

Ортопедиялық аяқ киім жасауға ақша бөлінбеген...
ашық дереккөзі
1055
Баяғы жартас - сол жартас. Биыл тағы да қала тұрғындарына берілетін протезді-ортопедиялық аяқ киім жасау кешігуде. Себебі - қаржыландыру жоқ. Биыл Алматы протезді-ортопедиялық орталығы наурыз айында қабылдаған тапсырыстарды орындауға мүмкіндігі болмай тұр. Себебі, аударылған қаржы жұмсалып біткен, енді екінші рет берілуі тиіс қаржы әлі түспеген. Нәтижесінде тағы да мүгедектер мен ортопедиялық, протездік өнімдерге мұқтаж жандардың айлап күтуіне тура келуде. Былтыр дәл осы жағдай басқа орталықта болған еді. Естеріңізде болса, "Medicare" медициналық орталығы Алматы қаласы бойынша протезді-ортопедиялық өнім дайындау тендерін жеңіп алады да, аядай ғана орталықта Түркиядан жасалған дайын аяқ киімдерді жеткізеді. Өкініштісі сол, протезді-ортопедиялық өнімге тапсырыс берушілердің өз денесіне өлшеніп жасалуы тиіс қосымша, көмекші құралдар, ұлтарақтар, аяқ киімдер дайын күйінде жеткізіліп, сол күйінше үлестірілген. Яғни, іс жүзінде орталықтың цехы да болмаған. Бұл масқара іс бойынша іс көтерілгені белгілі. Ортопедиялық заттарға зәру жандардың биыл тағы да күтуіне тура келіп отыр. Бұл бюджет есебінен мүгедектерге, арнайы ортезді, протездік өнім қажет жандарға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен тегін беріледі. Әлбетте, Алматы қаласында ортопедиялық дүкендер көп. Бірақ 3 жасар баланың аяқ киімі - 20 мың теңгеден басталады. Осы орайда редакциямызға хабарласқан ананың ащы зары: "Баланың еміне көп қаражат жұмсаймыз, мемлекет тарапынан берілетін осындай көмектің барын естіп, қуанып едік. Тапсырыс беріп, күтіп жүргенде қашан жасап беретінін білмейді. Біз қыстық және жаздық аяқ киім бердік. Жаздықты қашан беретінін білмейді, қаржы бөлінген жоқ дейді. Былтыр да жаздық аяқ киімді 3 ай күтіп, 4 айда дайын күздік аяқ киімді ала салғанбыз. Оның ішінде біздің баланың табанына есептелген фиксатор жоқ. Ұлтарақ жоқ болатын, жәй ғана бәтеңке еді", - деді. Олай болса, жылда жырға айналған мәселенің бір шешімі жуық арада табылады деп сенеміз. Жаз мезгілі болса жақындап қалды...

Серіктес жаңалықтары