Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды (ВИДЕО)

/
Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Қарағандыда жолдан өтпек болған әйелдің үстіне жарық бағаны құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай Қарағандының 22-ші шағын ауданында болған.

"59 жастағы әйел жолдан кесіп өтпек болғанда, күтпеген жерден жарық бағаны құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Қарағандының 59 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша (104-баптың 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар жасалып жатыр", – дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары