«Психологиялық дертке шалдықтым»: Әнші Шахаризат Сейдахмет сахнаға неге шықпай кеткенін айтты (ВИДЕО)

/
«Психологиялық дертке шалдықтым»: Әнші Шахаризат Сейдахмет сахнаға неге шықпай кеткенін айтты (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

«1001 түн» бағдарламасында «Қазақстан дауысы» жобасының алғашқы жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет қонақ болды. Әнші сұхбат барысында өміріндегі қиын кезең туралы ашық айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол психологиялық дертке ұшырап, құмар ойынға тәуелді болып қалған. Бұл жағдайды әнші «жұлдыз ауруымен» байланыстырады.

«Мен психологиялық дертке ұшырадым, яғни құмар ойынға тәуелді болдым. Бұл “жұлдыз ауруына” шалдыққанымның салдары болды. Соның кесірінен бір жыл сахнадан кеттім», – деді ол.

Сондай-ақ Шахаризат Сейдахмет қазіргі таңда ем қабылдап жатқанын жеткізді. Әнші өзімен тұрақты түрде жұмыс істеп, біртіндеп сауығып келе жатқанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары