Абай облысында 767 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

/
Абай облысында 767 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
gov.kz

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 767 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Егіс құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар — 296,2 мың га; майлы дақылдар — 322,0 мың га; мал азықтық дақылдар — 137,0 мың га; картоп — 6,5 мың га; көкөніс және бақша дақылдары — 5,2 мың га.

Егіс науқанын жүргізу үшін өңірде 39,6 мың тонна тұқым дайындалды. Қосымша 6,6 мың тонна элиталық тұқымдар мен будандарды, оның ішінде күнбағыс пен жүгеріні сатып алу жоспарлануда. Тұқым сапасын тексеру жұмыстары 60%-ға орындалды — 24 мың тоннадан астам тұқым тексерілді.

Минералдық тыңайтқыштардың шамамен 83 мың тоннасын енгізу жоспарланып отыр.

Көктемгі дала жұмыстарының толық кешенін жүргізуге 12 900 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады, оның ішінде 7 833 трактор, шамамен 302 жоғары өнімді егіс кешені және басқа да техникалар бар.

Саланы мемлекеттік қолдау «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жалғасуда.

2025 жылы өңірдің диқандарына 9,5 млрд теңге сомасына 202 несие берілді.

2026 жылғы егіс науқанына бүгінде 7,1 млрд теңге көлемінде 78 жеңілдетілген несие берілді, сондай-ақ 4,2 млрд теңге сомасына тағы 83 өтінім қаралуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары