«Аурудың азабын арқалаған адам біледі»: Нұрғали Нүсіпжановқа күрделі ота жасалды

/
«Аурудың азабын арқалаған адам біледі»: Нұрғали Нүсіпжановқа күрделі ота жасалды

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов өзінің жүрегіне күрделі ота жасалғанын айтып, дәрігеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ауруханадағы ой-толғам…

Өмір сенің сұрауыңды бермейді. Сен өмірдің ұсынғанын аласың. Азды-көпті өмірден көргенім де бар, түйгенім де жоқ емес.

Адам баласы бір терінің ішінде мың арып, мың семіреді. Аурудың азабын арқалаған адам ғана бұл сөздің түп-төркінін, қадір-қасиетін жақсы біледі. Естеліктерімде ежелден жазып келем. Жақсылықтың екі түрі бар: бірі – Алладан, бірі – Адамнан.

Жүрегіме күрделі ота жасаған – Кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлы. Жас маман бірақ өз ісінің білгірі. Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім, айналайын.

Өзің басқарып отырған «Приват» ауруханасы ұжымына абырой биігін тіледім. Ел-жұртыңның алғыс-батасын арқалап, қазағыңа қалтқысыз қызмет ет! Қалқам, Алла-Тағалла жолыңды ашсын, жұлдызың жарқырасын, Нұрәли жарығым», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары